Электронды түрде мемлекеттік қызметтердің қолжетімдігі

Төлеби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, бүгінгі күні адамның өмірінде мемлекеттік қызметтер барлық саласын қамтитындықтан мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алуға шақырады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдарының қызметінде мемлекеттік қызметтерді көрсету маңызды және стратегиялық міндет, өйткені мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету елдің экономикалық және әлеуметтік даму көрсеткіштерінің бірі болып табылады.
Көптеген қызметтер қазіргі уақытта оларды тез, қарапайым және сапалы алуға болатын электрондық нысанға көшірілген.
Яғни, мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшірудің негізгі мақсаты жеке және заңды тұлғалар үшін мемлекеттік қызметті алу уақытын қысқарту, процедураның өзін оңайлату, әкімшілік кедергілерді жою және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету болып табылады
Мемлекеттік қызметті электрондық түрде алу рәсімдер мерзімдерін едәуір қысқартады, олардың орындалу жылдамдығымен, барлығына және әрқайсысына қол жетімділігімен ерекшеленеді. Мемлекеттік кірістер органымен 45 мемлекеттік қызметтер түрі көрсетіледі, оның ішінде мына қызметтер түрі автоматтандырылған:
• Жеке практикамен айналысатын адамды тiркеу есебi;
• Салық төлеушілерді тіркеу;
• Қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу есебі;
• Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебі;
• Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндірушілерге (импорттаушыларға), сондай-ақ акцизделетін өнімдердің кейбір түрлерін, авиациялық отын мен мазут өндірушілер мен импорттаушылардың тауарларына дербес сәйкестендіру нөмірін (ДСН-код) беру;
• Есебі мемлекеттік кірістер органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәлiметтердi беру;
• Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістердің және ұстап қалған (төленген) салықтардың сомалары туралы анықтама беру;
• Қазақстан Республикасының резинденттігін растау;
• Салықтық есептілікті ұсынуын тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау);
• Бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне бақылау-касса машиналарының жаңа модельдерін енгізу және т.б..
Мемлекеттік қызметтерді электронды түрде «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы тәуліктің кез келген уақытында, кезексіз, үйден және кеңседен шықпай, алуға болады.

Төлеби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер
басқармасының жетекші маманы Л.Орунбекова