ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ! 276 183 azizyeszhanov_ydg3sjjr

Төлеби ауданы әкімшілік аумағында әйелдерге қатысты әртүрлі дискриминация түрлерін жою туралы конвенцияға (Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 29 шілдеде ратификацияланған) сәйкес жыл сайын Республика аумағында ағымдағы жылдың 25 қарашасы мен 10 желтоқсаны аралығында «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты бірлесіп тоқтатайық!» ұранымен «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық көрсетуді жою күні аталып өтеді.

Акцияның негізгі мақсаты: халықтың кең тобын әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты ескертуге және жолын кесуге, ана мен баланы қорғауға, қоғамдағы отбасының рөлін күшейтуге бағытталған шараларды таныстыру болып табылады.

Акция өткізу барысында ақпараттық қағаздар мен буклеттер таратылып, дәрістер мен сұқбаттар жүргізетін жылжымалы топтар жасақталады.

Іс-шара өткізу кезінде мемлекеттік және мемлекетік емес ұйымдар, жергілікті атқарушы органдар, білім, денсаулық сақтау, және т.б. органдар өкілдерінің міндетті турде қатысуы көзделген.

Байланыс телефондары:
Төлеби АПБ «Сенім» телефоны 6-16-02,
Жергілікті полиция қызметі 6-10-25
Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу секторы – 5-91-52

Leave a Reply