Көлік салығын төлеу мерзімі 31-желтоқсанға дейін!

Төлеби ауданы бойынша Мемлкекеттік кірістер басқармасы, 2019 жылға жеке тұлғалардың көлік салығын 2019 жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей төлеу қажеттігін ескертеді.
Сонымен қатар, келесі жеке тұлғалар көлік салығын төлеуден босатылатынына назар аударамыз:
ü Ұлы Отан соғысының қатысушылары және мүгедектері және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестiрiлетiн адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар;
ü Кеңес Одағының батырлары мен Социалистiк Еңбек ерлерi, «Халық қаhарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарына ие болған, үш дәрежелі «Даңқ орденiмен» және «Отан» орденiмен наградталған адамдар;
ü «Батыр ана» атағына ие болған немесе «Алтын алқа» не «Күмiс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналар – салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша;
ü меншiгiнде мотоколяскалары мен автомобильдерi бар мүгедектер – салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша.
Осы тармақшаларының ережелері осындай тармақшалардың ережелерін қолдану құқығы бар жеке тұлғаның оларда көрсетілген бір немесе бірнеше санаттарға жататынына-жатпайтынына қарамастан, салықтық кезең ішінде бiр автокөлiк құралы бойынша (қозғалтқышының көлемі 4000 текше сантиметрден асатын, оған қатысты 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін уәкілетті мемлекеттік органда көлік құралының меншік иесінің ауысуына байланысты тіркеу әрекеттері жүргізілген жеңіл автомобильден басқа) қолданылады.

Төлеби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер
басқармасының бөлім басшысы А.Курбанбекова