КЕМЕҚАЛҒАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕГІ ЕСЕПТЕ: БАРЛЫҚ САЛАДА АЛҒА ҚАРАЙ ҚАДАМ БАСУ БАР

КЕМЕҚАЛҒАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕГІ ЕСЕПТЕ: БАРЛЫҚ САЛАДА АЛҒА ҚАРАЙ ҚАДАМ БАСУ БАР

КЕМЕҚАЛҒАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕГІ ЕСЕПТЕ: БАРЛЫҚ САЛАДА АЛҒА ҚАРАЙ ҚАДАМ БАСУ БАР 2048 1365 azizyeszhanov_ydg3sjjr

Төлеби ауданының әкімі Кемеқалған ауылдық округінің тұрғындарына 2019 жылы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша атқарылған жұмыстары туралы есеп берді.

Ең алдымен есептік кездесуде 2019 жылы атқарылған жұмыстар туралы бейне-ролик көрсетілді. Мұнан соң аудан басшысы атқарылатын жұмыстар туралы кең көлемде баяндама жасады.

Биыл Кемеқалған ауылдық окруінде тұрғындардың көтеріп жүрген мәселелері кезең-кезеңімен шешілмек. Аудан әкімінің ағымдағы жылы округте атқарылатын есебі бойынша Абай және Әңгірата елді мекендерінің орталық көшелерінің жолына аяқ жол салуға 55,8 млн теңге, аталмыш елді мекендердің орталық көшелерін түнгі жарықтандыруға 12,7 млн теңге бөлініп отыр.

Ақбастау елді мекені Көзді ата, Бейбітшілік көшелерінің 1,7 шқ жолын, Ұйымшыл елді мекені Шеңгелсай көшесінің 1,7 шқ жолын, Абай елді мекенінің Қаратас, Аманта көшелерінің 2,8 шқ жолын орта жөндеу жоспарға енген. «Қарақуыс» су қоймасының құрылысын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге 7,1 млн теңге; «Ақбастау» су қоймасының технико-экономикалық негіздемесіне 5,8 млн теңге қаржы қарастырылған.

Ұйымшыл орта мектебінің 200 орындық оқу блогы, асхана, спорт зал, шеберхана, кітапхана және әкімшілік бөлмелерінің құрылысын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Ал, Ақбастау елді мекеніндегі 200 орындық «Ақбастау» орта мектебінің оқу блогы, акт залы, спорт зал, кітапхана, шеберхана және асхананың құрылысын жүргізуге 221,8 млн теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары басталатын болады.

Есептік жиын соңында ауылдық округтің тұрғыны Бақтияр Аталықов сөз алып, атқарған жұмыстарына рахметін айтып: «Барлық салада алға қарай қадам басу бар. Келер жылда да жасайтын жұмыстарыңыз орынды. Әсіресе әлеуметтік салаға қаржы көбірек бөлінген екен. Бұл, әрине, тұрмысы төмен азаматтардың жағдайын жақсарту үшін істеліп жатқан дүниелер. Президентіміз Қ.К.Тоқаевтің бастамасымен қолға алынған жұмыстардың барлығы Сіздердің алға қойған жоспарларыңызда өзінің орнын тауып отыр. «Жас келсе іске» дейді. Сізді Президенттік жастар кадрлық резервінде алғашқы 50 жастың қатарында болғаныңыз бізге мақтаныш. Алға қарай қадам басып, ел үшін жақсы жұмыстар істеп жүре беріңіз, -деді.

Басқа да ауыл тұрғындары атқарылған жұмыстардың көптігін айтып, барлық елді мекендерде жасауды жоспарлап отырған жұмыстарға сәттілік тіледі.

Айта кетсек, биыл 2020 жылдан бастап аз қамтылған отбасылардың балаларына кепілдендірілген әлеуметтік көмек енгізілді. Оның ішінде, әлеуметтік пакет пен мектепке дейінгі жастағы балаларды тамақ себеті және гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге республикалық бюджеттен 110 млн теңге бөлінді. Көп балалы отбасыларға бағытталған әлеуметтік көмек тағайындалған. Аудан бойынша 4860 көп балалы отбасының қажеттілігін қамтамасыз етуге 3 млрд 098 млн теңге қаржы қаралып отыр. Атаулы көмектің жаңа тәсілімен төлеуге 757 млн теңге бағытталып отыр.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Leave a Reply