КЕЗЕКТІ ӘКІМ ҚАБЫЛДАУЫ

КЕЗЕКТІ ӘКІМ ҚАБЫЛДАУЫ

КЕЗЕКТІ ӘКІМ ҚАБЫЛДАУЫ 5210 3260 azizyeszhanov_ydg3sjjr

Аудан әкімі Б.Омарбеков кезекті рет тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Әрбір сұрақты барынша жан-жақты қарау үшін жеке қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары мен қала, ауылдық округ әкімдері қатыстырылды.

Мемлекеттік бағдарламалар аясында тұрғын үй алу, тас жол төсеу, жол белгілері, әлеуметтік және тұрмыстық мәндегі сауалдар – бұл жолғы жеке қабылдаудың басты тақырыптары болды.

Б.Омарбеков барлық өтініштер мен ұсыныстарды мұқият тыңдап, қолданыстағы заңнама аясында түсінік беріп, тиісті мекемелерге азаматтардың мәселелерін шешу үшін тапсырмалар берді.

Естеріңізге сала кетейік, жұмыс кестесіне сәйкес, алдын-ала жазылу бойынша, әр аптаның дүйсенбі күні сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды. Қабылдау барысында тұрғындар аудан басшысына өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, олардың шешу жолдарын бірге табуға мүмкіндік ала алады.

Алдын-ала жазылуды Төлеби ауданы әкімі аппаратының әкімшілік және құжаттандыруды қамтамасыз ету бөлімінің бас инспекторы Хайтметова Камиля Заманқызы жүргізеді. Қосымша ақпарат алу үшін 8(72547) 6-13-70 нөміріне хабарласуларыңызға болады.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Leave a Reply