ӘКІМДІК МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

ӘКІМДІК МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

ӘКІМДІК МӘЖІЛІСІ ӨТТІ 2048 1365 azizyeszhanov_ydg3sjjr

7 ші қазан күні аудан әкімі Бауыржан Омарбековтің төрағалығымен кезекті әкімдік мәжілісі өтті.
Мәжіліске аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, аудан әкімі аппаратының басшысы, қала, ауылдық округ әкімдері, аудандық дербес бөлім басшылары, ауданның тиісті мекеме басшылары қатысты.

Жиын барысында екі мәселе талқыланды.
Бірінші мәселе облыс әкімінің және аудан әкімінің тоғыз айда берген тапсырмаларының орындалу қорытындысы туралы аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы Жүнісбеков Досхан Бақытұлы баяндады.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе 2019 жылы мемлекеттік бюджет есебінен жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік нысандар құрылысының барысы туралы аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Бекболатов Ержан Тілемісұлы баяндады. Бөлім басшысының мәліметінше Ленгір қаласындағы №1 мектеп-гимназиясына 300 орындық оқу блогы, асхана, шеберхана, спорт зал, акт зал, кітапхана құрылысы жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда, ескі мектеп ғимаратына демонтаж жасау жұмыстары аяқталып, іргетас құю жұмыстары басталған. Ал, №5 мектеп гимназиясында жаңадан салынып жатқан оқу корпусының, спорт залдың іргетас құю жұмыстары аяқталып, қыш қалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ақбастау елді мекеніндегі 200 орындық орта мектептің ғимаратының іргетасын құю жұмыстары -100% -ға орындалып, оқу корпусының 1-ші қабатының қыштары қалануда. Сонымен қатар, қазандық және әжетхана ғимаратының қыш қалау жұмыстары аяқталып, шатырын жабу жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, Көксәйек елді мекені Жолан көшесіндегі 100 орындық оқу корпусының іргетасын құю жұмыстары аяқталған. Аққұм елді мекеніндегі Қ.Тыныбеков атындағы орта мектебіндегі спорт залының жер қазу жұмыстары аяқталып, іргетасы қалануда.

Ленгір қаласы, №1-ші мөлтек ауданындағы көп қабатты тұрғын үйлерге инженерлік коммуникация жүйелерінің құрылысы аяқталған. Бүгінгі күнде, нысан басында асфальт төселіп, орындықтар, балалар ойын алаңшалары, қоқыс жәшіктері орнатылмақ.

Жоғарыда аталған екі мәселе бойынша аудан әкімдігінің қаулысы қабылданатын болады.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Leave a Reply