ЛЕНГІР ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЖОЛДАРДЫҢ САПАСЫ ТЕКСЕРІЛДІ

ЛЕНГІР ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЖОЛДАРДЫҢ САПАСЫ ТЕКСЕРІЛДІ

ЛЕНГІР ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЖОЛДАРДЫҢ САПАСЫ ТЕКСЕРІЛДІ 2048 1365 azizyeszhanov_ydg3sjjr

Төлеби аудан әкімдігінің бастамасымен бүгін Ленгір қаласында құрылысы жүріп жатқан жолдардың сапасы тексерілді.

«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» Шымкент филиалының мамандары арнайы шақыртылып, тексеру жұмыстарын жүргізді.

Мамандар Ленгір қаласындағы Төлеби, Ә.Бектаев, «Ленгір — Шахта-Тоғыс» бағытындағы жолдардан арнайы құралдың көмегімен ойық алып, сараптама жұмыстарын бастады. Қорытындысы белгілі болған соң тиісті шешім мердігер мекемелерге жолданатын болады.

Сапаны бақылауда аудан әкімі Б.Омарбеков, аудан әкімінің орынбасары Л.Серікбаев, «Nur Otan» партиясы Төлеби аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Қансеитов, аудандық мәслихат депутаттары Ә.Әміралиев, С.Құлманов, жұмыстардың басы қасында болды.

Аталмыш көшелерге құрылыс жұмыстары 2019 жылы құрылысы басталып 2020 жылы да жүргізілгендіктен аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан әлі қабылданбаған.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Leave a Reply