ӘЛЕУМЕТТІК АЗ ҚАМТЫЛҒАН ОТБАСЫЛАРДЫҢ ҮЙЛЕРІНЕ ГАЗОСИГНАЛИЗАТОР ҚҰРЫЛҒЫСЫ ОРНАТЫЛУДА

ӘЛЕУМЕТТІК АЗ ҚАМТЫЛҒАН ОТБАСЫЛАРДЫҢ ҮЙЛЕРІНЕ ГАЗОСИГНАЛИЗАТОР ҚҰРЫЛҒЫСЫ ОРНАТЫЛУДА

ӘЛЕУМЕТТІК АЗ ҚАМТЫЛҒАН ОТБАСЫЛАРДЫҢ ҮЙЛЕРІНЕ ГАЗОСИГНАЛИЗАТОР ҚҰРЫЛҒЫСЫ ОРНАТЫЛУДА 1944 1296 azizyeszhanov_ydg3sjjr

Төлеби ауданы әкімдігінің бастамасымен аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері көмірқышқыл газының иісі шыққан жағдайда белгі беретін құрылғылар орнатып жатыр. Құрылғы бөлмеде өрт туындағанда, түтін мен газ иісі сезілген кезде іске қосылады.

Бөлім қызметкерлері мұндай қондырғыны ауданымыздағы көпбалалы, жалғыз басты қариялардың, мүгедек, әлеуметтік жағынан аз қамтылған 995 отбасының үйлеріне орнатуды жоспарлап отыр.

Жыл сайын Қазақстан Республикасындағы өрт санының көп бөлігі тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі шараларын сақтамау себебінен орын алуда. Ол жылыту қазандықтарының дұрыс орнатылмауы, газ пештерін уақытында дайындамау және жөндемеу, балалардың оттықты үлкендердің қарауынсыз қолдануынан пайда болады.

Осы орайда ауданымыздағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың қандай отын түрін пайдаланатыны анықталып, Ленгір қаласы мен ауылдық округтерде осындай қондырғыларды орнату қолға алынды. Сондай-ақ, тұрғындар арасында тұрмыста газ пештерін, жылыту қазандықтары мен табиғи газды қолданудағы қауіпсіздігі, тұрғын үй секторындағы өрттің алдын алу шаралары бойынша түсіндірме жүргізілуде.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Leave a Reply