ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ 1024 683 azizyeszhanov_ydg3sjjr

Бүгін Ұлы Жеңістің 74 жылдығы қарасаңында Төлеби ауданының әкімі Б.Омарбеков, аудан прокуроры Д.Тлемисов, Төлеби ауданының біріктірілген қорғаныс істері бөлімінің басшысы А.Кортаев Ұлы Отан Соғысының ардагерлері Александра Капустина, Михаил Толстопян, Рысмет Жұмағұловтың шаңырағында болды. 
Аудан әкімі Бауыржан Омарбеков еліміз егемендік алған жылдары бағындырған биіктеріміз бен жеткен жетiстiктерiміз ардагерлердің лайықты еңбектерінің нәтижесі екенін атап өтіп, бүгінгі ұрпаққа бейбіт өмір сыйлаған қарт кісілерге сый-сыяпат жасады. Ардагерлерді 9 Мамыр Жеңіс күнімен құттықтап, отбасыларына бақыт, дендеріне саулық тіледі. 
Өз кезегінде ардагер Рысмет Жұмағұлов аудан басшысына көрсеткен құрметтері үшін өзінің ризашылын білдіріп, еңбек жолында табыстар тілеп, ақ батасын берді.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Leave a Reply