ҰЛЫ ЖЕҢІС – ҰРПАҚҚА АМАНАТ!

ҰЛЫ ЖЕҢІС – ҰРПАҚҚА АМАНАТ!

ҰЛЫ ЖЕҢІС – ҰРПАҚҚА АМАНАТ! 1024 683 azizyeszhanov_ydg3sjjr

Қадірменді ардагерлер, құрметті төлебиліктер!
Сіздерді Ұлы Жеңістің 74 жылдық мерей тойымен шын жүркетен құттықтаймын.

Осындай айтулы күні біздер құрметті ардагерлеріміздің алдында ерекше бас иеміз. Себебі бұл мереке батылдық пен ерліктің, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі және қаһармандықтың символы. Сол сұрапыл соғыс жылдары, ел басына күн туып, ер басына мұң ұялаған кезде Отан мен туған жердің намысын, болашақ ұрпақтың келешегін ойлап, майданда қан кешкен қазіргі ортамызда отырған ардагерлеріміздің ерліктері ел жүрегінде мәңгілікке қалып, келешек ұрпақ санасында жаңғырып тұрары даусыз.

Ұлы Отан соғысына Төлеби ауданынан 10862 жауынгер қатысты. 5 жерлесіміз Кеңестер Одағының Батыры атағына ие болды, жүздеген жауынгерлеріміз І және ІІ дәрежелі «Даңқ» орденінің иегері атанды. Жыл өткен сайын қатары сиреп бара жатқан Жеңіс жауынгерлерінің ерлігі мен өрлігі ұрпақ жадында мәңгі қалмақ. Бүгінгі таңда арамызда 4 Ұлы Отан соғысына қатысушы, 784 тыл еңбеккері ғана қалып отыр.

Әділдік пен зұлымдықтың соғысы деп бағаланған майдандағы аға буын өкілдерінің ерліктері бүгінгі ұрпақ үшін нағыз отансүйгіштіктің, Отан қорғаудың жоғары үлгісі болып қала бермек. Ардагерлеріміздің ерен ерліктерінің арқасында біз бүгін бейбіт өмір, бақытты ғұмыр кешудеміз. Ұлы Отан соғысы біздің халқымыздың, әкелеріміз бен аналарымыздың биік рухын, ерлігі мен қаһармандығын әлемге танытқан қасіретті соғыс болса, бұл күнде Ұлы Жеңіс күні ардагерлеріміздің ұлы ерлігін мәңгілікке ел жадында сақтауға арналған ең қастерлі мереке.

Құрметті жерлестер!
9 мамырды — Ұлы Жеңіс күні деп тойласақ та, оның салмағының ауыр болғанын бүгінгі және келер ұрпақ ешқашан да ұмытпауы тиіс. Себебі, бүгінгі жарқын болашағымыз бен ертеңгі кемел келешегіміздің нұрлы болуына ардагерлеріміздің сіңірген еңбектері орасан зор.

Қадірменді ардагерлер!
Жеңістің жетпіс төртінші көктемі көңілдеріңізге нұрлы шуақ ұялатып, жаңа да жарқын қуаныштар әкелсін. Сіздердің отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін. Қажырлы ерліктеріңіздің арқасында қол жеткізген тыныштық өміріміздің ертеңі баянды болсын!

Ізгі ниетпен Аудан әкімі Б.Омарбеков

Leave a Reply