Мемлекеттік қызметшілерге кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыру тәртібі түсіндірілуде

Ағымдағы жылдың 31-наурызына дейін мемлекеттік қызметшілер үшін кірістер мен  мүлік туралы декларацияны табыстау міндеттемесі туындайтындықтан, Төлеби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасымен ауданның мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылып, оларға 230-нысанды «Жеке табыс салығы  және мүлік бойынша декларациясын» дұрыс, толық толтырылуы және уақтылы тапсырылуын қамтамасыз ету мақсатында түсіндіру іс-шаралары жүргізілуде.Осындай іс-шара, ағымдағы жылдың 24 қаңтарында Төлеби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасынынң мамандары, мемлекеттік органдармен, соның ішінде, Төлеби аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкерлерімен  кездесу өткізді. 

Кездесу барысында, 230-нысанды «Жеке табыс салығы және мүлік бойынша декларациясын толтыру жолдары қадам-қадамымен түсіндіріліп, туындаған сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді. Жеке табыс салығы және мүлік бойынша декларациясын (230- нысан) тапсыру тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстары басқа да аудандар мен қалалардағы мемлекеттік мекемелерде жүргізіледі.

Төлеби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының                                                          жетекші маманы Н.Балкибекова