Мемлекеттік қызметшілерге кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыру тәртібі түсіндірілуде

Ағымдағы жылдың  31-наурызына дейін мемлекеттік қызметшілер үшін кірістер мен мүлік туралы декларацияны табыстау міндеттемесі туындайтындықтан, Төлеби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасымен ауданның мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылып, оларға, 230 — нысанды «Жеке табыс салығы және мүлік бойынша декларациясын» дұрыс, толық толтырылуы және уақтылы тапсырылуын қамтамасыз ету мақсатында түсіндіру іс-шаралары жүргізілуде.
Осындай іс-шара, ағымдағы жылдың 12 ақпанында Төлеби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер   басқармасының мамандары, мемлекеттік органдармен, соның ішінде, Төлеби аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерімен және Төлеби ауданыңдағы №5 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында, 230 — нысанды «Жеке табыс салығы және мүлік бойынша декларациясын» толтыру жолдары қадам-қадамымен түсіндіріліп, туындаған сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.
Жеке табыс салығы және мүлік бойынша декларациясын (230 – нысан) тапсыру тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстары басқа да аудандар мен қалалардағы мемлекеттік мекемелерде жүргізіледі.

Төлеби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер
басқармасының  жеткеші маманы Н.Балкибекова