Мемлекеттік қызметшілерге оқу үшін ұсынылатын әдебиеттер

Кітаптың авторы Тақырыбы Жанры Шыққан жылы Қысқаша мазмұны
1 Кекілбаев Әбіш   Аңыздың ақыры   Роман 1978 Роман алғаш рет «Махаббат мұнарасы» деген атпен жарияланған. Роман төрт бөлімнен тұрады. Шығарманың кейіпкерлері бар болғаны үшеу. Әмірші, Кіші ханым және шебер. Ұлы ханым, күтуші кемпір, бас шебер, Ахмет саудагерлер осы негізгі басты үш бейнені ашу үшін алынған.
2 Есенберлин  Ілияс Қаһар Роман 2003 «Қаһар» романы «Көшпенділер» трилогиясының үшінші кітабы. Роман-қазақ тарихи романстикасының үздік табысы, шоқтығы биік  туынды.  Қазақ әдебиеті тарихында құбылыс болған, ел тағдырын шыншылдықпен бейнелеген халықтық көркем шығарма. Көпшілік оқырман  қауымға арналған.
3 Егеубай Асқар Тайқазан Дастандар мен өлеңдер 2003 Көрнекті ақынның жаңа поэзия кітабына  қазақ даласындағы қалалар тарихы мен тағдырын толғаған  дастандар  желісі қосылды. Ақынның сыршылдық пен интеллектуалдық  өрені жарасымды  ұштастырған шығармалары Қазақ Елінің  жаңғыру, қайта өрлеу дәуірінің  жыр шежіресі  ретінде құнды туындылар. Көпшілік жыр сүйер қауымға арналған.
4 Жұмаділов Қәбдеш Бір ғана ғұмыр Әңгімелер 2004 Бұл жинақта уақыт таңбасын, замана шындығын бойына мол сіңірген дүниелер қамтылған.
5 Кембаев  Әсет Тарих пен тағылым Тарих пен тағылым 2006 Төлеби ауданы тарихына қатысты деректер жинақталған.
6 Мұқанов Сәбит Адасқандар Роман 2006 Жазушы нағыз халықтық шығарманы оқырман қауымға ұсынды.
7 Тоқаев Кемел Таңдамалы 1 том Роман, повесть 2008 Оқырманды баурап алар шытырман оқиғалы роман, повестер қалың қауымға арналған.
8 Мұстафин Ғабиден Дауылдан кейін Роман 2009 Жазушының бұл туындысында Қазан төңкерісінен кейінгі кезде орын алған күрес-тартыс, ұлы өзгеріс, зор жаңалықтар бір-бірімен жалғаса суреттеліп, тарих шежіресінен көркемдік түйіндеу жасалынған.Көпшілік  оқырман  қауымға арналған.
9 Сәкен Сейфуллин Тар жол тайғақ кешу Роман-эссе 2009 Тарихи революциялық тақырыпқа  барған тұңғыш роман-эссе 1916-1919 жылдардың оқиғалары қамтылған.
10 Сматаев Софы Елім-ай 3 томдық  шығармалар жинағы 2009 Халқымыздың кешегісін  бүгінімен де, келешегімен де байланыстыра  әсерлі бейнелеген «Елім-ай» трилогиясы елінің еркіндігі мен  бостандығын жан-жақты суреттейді.
11 Қалдыбай Мамытбек Мен-халқымның Бауыржанымын Әңгімелер   2013 Жазушының жаңа кітабында даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының жайшылықтағы мінез-құлқы, тапқырлығы мен       шешендігі, ұлтжандылығы мен ойшылдығы, елдік намысқа  нұқсан  келер жерде  бет-жүзіңе қарамай айтатын турашылдығы бейнеленген. Кітап талғампаз оқырманның  жан дүниесін баурап аларлықтай тәрбиелік, танымдық мәнге ие.
12 Сегіз  сері Шығарма Шығарма 2014 Кітапқа қазақтың атақты бір туар ақыны Сегіз сері (Мұқамад-Қанапия Баһрамұлының) дастандары және ол туралы  жазылған арнау өлеңдері енген.
13 Мақатаев Мұқағали Үш бақытым Өлеңдер, поэмалар 2014 Ақынның  жан дүниесі, бітім болмысы-бар жаратылысы өлеңнен өріліп, жырдан жаралғандай. Кітап жыр сүйер қауымға арналған.
14 Бата-тілек, өсиеттері   Бата-тілек, өсиеттері Бата-тілек, өсиеттері 2016 Қазақтың ежелгі салт-дәстүрлерінің бірі-бата-тілек білдіру, өсиет айту. Жинаққа енгізілген бата-тілектер оқырманды шынайы ізгілікке, парасаттылыққа талпындырады. Көпшілік оқырман  қауымға арналған.
15 Әлижан Тауұлы Қазақтың салт-дәстүрлері Қазақтың салт-дәстүрлері 2017 Кітапқа енгізілген  ұлттық салт дәстүрлеріміз бабалардан қалған асыл мұрамызды қастерлей білуге, күнделікті өмірде қолданып, игілігін көруге мол септігін тигізері анық.