Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудағы негізгі өзгерістер

Төлеби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленетін жарналармен аударымдар бойынша 2020 жылға мөшерлемелері туралы хабарлайды.
Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңының 27 және 28 баптарына сәйкес, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс берушілердің қорға төленуге жататын аударымдары есептеу объектісінің 2 пайызы мөлшерінде белгіленді.
Сонымен қатар, жұмыскерлердің, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің, сондай-ақ азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын жеке тұлғалардың қорға төлеуге жататын жарналары есептеу объектісінің 1 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
Жұмыс берушілер есепке жазған кірістер жұмыскерлердің, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің аударымдармен жарналарды есептеу үшін қабылданатын кірістері, ал, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша барлық есепке жазылған кірістер аталған шарттар бойынша жеке тұлғаның кірістері болып табылады (Заңмен белгіленген бірқатар кірістерді қоспағанда). Аударымдарды және жарналарды есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы объектпен кіріс ең төмен жалақының 10 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
Дара кәсіпкерлердің, жеке практикамен айналысатын адамдардың жарналары есептеу объектісінің 5 пайызы мөлшерінде белгіленеді (есептеу объектісі — ең төмен жалақының 1,4 еселенген мөлшері).
Бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалардың жарналары республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, астанада – айлық есептік көрсеткіштің 1 еселенген мөлшерінің және басқа елді мекендерде айлық есептік көрсеткіштің 0,5 еселенген мөлшерінің 40 пайызы мөлшерінде белгіленеді.