«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТӨЛЕБИ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ЖИЫН ӨТТІ

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТӨЛЕБИ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ЖИЫН ӨТТІ

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТӨЛЕБИ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ЖИЫН ӨТТІ 1944 1296 azizyeszhanov_ydg3sjjr

Бүгін Төлеби ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Төлеби аудандық «Nur Otan» партиясы филиалы активінің қатысуымен жиын өтті.

Актив мәжілісін аудан әкімі, аудандық партия филиалының төрағасы – Омарбеков Бауыржан Бақытұлы ашып, жүргізді.

Ағымдағы жылдың 25 қарашасында Елбасы, Партия Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың төрағалығымен өңірлік партия филиалдарының өкілдерімен бас қосу өткен болатын. Бас қосуда Партия Төрағасы «Ядролық электоратты» шоғырландыру бойынша жұмыстарды күшейту, барлық деңгейдегі мәслихаттардағы депутаттық фракциялардың жұмысын жандандыру, барлық деңгейде партиялық жауапкершілікті арттыру, партия органдарының қызметін қайта құру, партия аппараты жұмысының, өңірлердің қызметін үйлестірудің тиімділігін арттыру, халықпен жұмыс жасау кезінде белсенділікті арттыру, ақпараттық-идеологиялық жұмыстарды жүргізу, партия айналасында жастарды біріктіру жөніндегі жұмыстарды жандандыру бойынша бірқатар тапсырмаларды жүктеді.

Күн тәртібінде Елбасының төрағалығымен өңірлік партия филиалдарының өкілдерімен өткен кездесуде айтылған тапсырмаларды орындау барысы айтылды. Басқосуда «Nur Otan» партиясы Төлеби аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қансеитов Қуанышбек, Төлеби аудандық мәслихатының хатшысы, аудандық мәслихаттың депутаты Қойбағаров Нұрлан, Төлеби ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2019 жылы атқарған жұмыстары және алдағы атқаратын жұмыстары бойынша Төлеби ауданы әкімінің орынбасары Серікбаев Лесбек баяндама жасады.

Жиын барысында Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай партия қатарына жаңадан қосылған партия мүшелеріне партиялық билеті салтанатты түрде табыс етілді.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Leave a Reply