«РӘМІЗДЕРІМ МАҚТАНЫШЫМ» АТТЫ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

«РӘМІЗДЕРІМ МАҚТАНЫШЫМ» АТТЫ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

«РӘМІЗДЕРІМ МАҚТАНЫШЫМ» АТТЫ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ 1944 1296 azizyeszhanov_ydg3sjjr

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күніне орай бүгін Ленгір қаласындағы Рәміздер алаңында «Рәміздерім мақтанышым» атты мерекелік акциясы өтті. Аталмыш жиында Төлеби ауданының мәслихат хатшысы Нұрлан Қойбағаров пен аудан әкімінің орынбасары Рабиға Бейсебаева құттықтау сөз сөйлеп, жылы лебіздерін білдірді. Салтанатты іс-шарада аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары өнер көрсетіп, аудан жастары мен тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлады.
«Рәміздерім мақтанышым» атты акцияда жалау желбіреткен жастар аудан аумағын аралап, арнайы безендірілген автокөліктермен автошеру жасады. Шеру соңы Түркістан көпсалалы техникалық колледжіндегі Ұлттық нышандар күніне арналған мерекелік концертке ұласты. 
Сонымен қатар колледж базасында Төлеби ауданындағы колледждер мен спорт мектептері, Жастар орталығы қызметкерлері мен студенттер арасында волейболдан турнир өтті.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Leave a Reply