ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын жүзеге асырудың негізгі қағидаты «Сабақтастық» – ақпараттық мақсатты пайдалану.

Сабақтастық – еліміздің жаңа даму кезеңінде Елбасының қолға алған бағытын әрі қарай тиімді жалғастыру. Ең алдымен бұл – Тәуелсіздік, Егемендік және ұлттық қауіпсіздікті нығайту. Бұл – тұрақтылық, азаматтық татулық пен келісім. Бұл – серпінді экономика мен мықты әлеуметтік саясат. Менің мақсатым – қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартып, табысын арттыру. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев барлық әлем құрметтейтін қуатты мемлекетімізді құрды. Заманауи ұлт қалыптастырды. Жаңа астанамыз бой көтерді.

Біз әлемдік дағдарыстар сынынан өттік. Бұл жылдар ауқымды өзгерістер мен ұлы жеңістер кезеңі болды.

Мен Елбасының Тарих сынынан өткен стратегиялық бағытының сабақтастығын қамтамасыз етемін.

Төлеби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер
басқармасының бас маманы Ж.Тургимбаева