РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІРЫҢҒАЙ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ КҮНІ ӨТТІ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІРЫҢҒАЙ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ КҮНІ ӨТТІ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІРЫҢҒАЙ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ КҮНІ ӨТТІ 1024 683 azizyeszhanov_ydg3sjjr

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ағымдағы жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына ерекше назар аударған болатын. Ондағы басты мақсат халықпен тікелей қатынас орнату. Осыған байланысты, мемлекеттік органдарда Республикалық бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті. Онда, барлық деңгейдегі әкімдер тұрғындарды қабылдады.

Осыған орай, бүгін сағат 9-00 ден 19-00 дейін Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Бақытұлы Омарбеков аудан тұрғындарымен жеке қабылдау өткізді.

Қабылдауға ауданның 16 тұрғыны келіп, жеке мәселелері бойынша арыз-шағымдарын айтты. Атап айтсақ, Ленгір қаласы Төлтебаев көшесінің тұрғындарының атынан келген Купенов Аймурза трансформатордың қуаттылығы жетпейтінін айтты. Көксәйек ауылдық округінен келген Асильбеков Талғат Ш.Қалдаяқов көшесіндегі электр энергиясының қуаты мен бағаналарының ескіргенін жеткізді. Аудан әкімі мәселелерді тыңдай келе, жауапты мамандарға айтылған жерлерге барып, зерделеу жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Ханарық ауылының тұрғыны Рахметжанова Гулназа мектепке жұмысқа орналасу жөнінде өтінішін білдірді. Гулназа Рахметжановаға Ханарық жалпы орта мектебінің штаттық кестесі толық болғандықтан, көршілес елді мекендердегі мектептертегі бос орындарға орналасу ұсынылды.

Қаратөбе ауылдық округінінен келген тұрғындар Майбұлақ елді мекеніндегі Нұр ата көшесінің жолына асфальт салынса дейді. Сонымен қатар, Бейсенбеков Садуахас Тасарық елді мекеніндегі жолдарға жолаяқ салынып, түнгі жарық орнатылса деген өтінішімен келді. Аудан басшысы бұл жұмыстарды келесі жылғы ауданның бюджетіне кіргізетітін жеткізді.

Қабылдау барысында атаулы әлеуметтік көмек бойынша өз сұрақтарымен келген Көксәйек ауылының тұрғыны Калашников Владимир мен Момынай елді мекенінің тұрғыны Ерашова Элмираның атаулы әлеуметтік көмектің шарттары түсіндіріліп, мемлекеттік көмектің уақытылы төленгендігі айтылды.

Қабылдауға азаматтардың басым бөлігі тұрғын үй мәселесін көтеріп келді. Оларға үй өз кезегімен берілетіндігі түсіндірілді.

Бауыржан Бақытұлы тұрғындар тарапынан айтылған мәселелерді мұқият тыңдап, әрбір тұрғынға заңнама аясында жауап беріп, кеңес берді. Кей мәселелердің шешілу жолдарын мекеме басшыларына тапсырды.
Айта кетейік, бүгін Төлеби ауданындағы қала, ауылдық округ әкімідері де тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады. Қабылдауларға жалпы 15 тұрғын келіп, өтініштерін айтқан.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Leave a Reply