Құрметті төлебиліктер!

Құрметті төлебиліктер!

Құрметті төлебиліктер! 1280 853 azizyeszhanov_ydg3sjjr

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жаңа COVID-19 вирусынан тұрғындардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында төтенше жағдай жарияланды.

Осыған орай Төлеби ауданында Коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында аудан орталығындағы «Достық», «Жандос» базарларында, Ленгір қаласы бойынша барлық 24 аялдама, 10 автобус, ауылдық округтерге қатынайтын 6 газель және 1 автобекет нысандарында санитарлық және дезинфекциялық шаралар тұрақты түрде жүргізілуде.

«Тау Жұлдызы» базары мен аудандағы 2 мал базары, 17-тойхана, Ленгір қаласы І мөлтек ауданда орналасқан мүгедек балаларға арналған мекеме, мектептен тыс 5 мекеме, сонымен қатар, исламдық емес 6 ғибадат орындарының жұмысы уақытша тоқтатылды.

Аудан аумағында орналасқан интернет, букмекерлік, бильярд клубтарының, қоғамдық моншалардың жұмысын уақытша тоқтату жөнінде нысан иелерімен түсіндірме жұмыстары жүргіздік. Аудандағы барлық емдеу мекемелерінде карантин енгізіліп, ауруханада жатқан науқастарға келушілерді кіргізуге тыйым салынды.

Сонымен қатар, ауданға кіретін 4 қақпаға бекеттер (пост) қойылып,  аудандық полиция бөлімі мен медицина қызметкерлерінен құралған жұмысшы топ ауданға келушілерге барынша сақтық шараларын ұстану туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізуді бастайды.

Барлық мешіттерге барушы жамағатқа парыз етілген бес уақыт намазды үйде оқуға шақырамын. Бұл ең алдымен өздеріңізбен жаныңыздағы азаматтардың қауіпсіздігі үшін керек.

Құрметті тұрғындар!

Бұл сынақ – уақытша. Сондықтан өз отанымыздың, әрбір қазақстандықтың болашағы алдында барынша сақтыққа мән беріңіздер!

Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков

Leave a Reply