«ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ ЖАЛПЫ ҚАҒИДАЛАРЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТТІ

«ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ ЖАЛПЫ ҚАҒИДАЛАРЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТТІ

«ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ ЖАЛПЫ ҚАҒИДАЛАРЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТТІ 150 150 azizyeszhanov_ydg3sjjr

Бүгін 10 сәуір күні Төлеби ауданы Ленгір қаласындағы №7 жалпы орта мектебінде «Өрт қауіпсіздігінің жалпы қағидалары» тақырыбында жалпы білім беретін мекемелерде, мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелерінде өрт қауіпсіздігінің жалпы қағидалары туралы үлгілі нысандық оқу-жаттығуы өтті. Аталған жаттығуға қонақ ретінде Төлеби аудандық төтенше жағдайлар бөлімі бастығы, №5 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары, Ленгір қаласы әкімінің орынбасары, Ленгір қалалық емхана жəне жедел жəрдем қызметкерлері, қала, ауылдық округтер аумағында орналасқан барлық мектеп директорлары мен балабақша меңгерушілері қатысты.

Өрт қауіпсіздігін алдын алуға байланысты тəрбие сабақтар, дөңгелек үстелдер, спорттық эстафеталар жəне эвакуация жұмыстарын төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары бақылап, ең үздік көрсеткіш көрсеткен мұғалімдер мен оқушыларды аудан әкімдігінің және төтенше жағдайлар бөлімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Leave a Reply