Сайлау өткізу кезеңінде кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындарды және сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жайларды белгілеу туралы

ҚАУЛЫ  
06  мамыр  2019  жыл №297

«Сайлау өткізу кезеңінде
кандидаттардың үгіттік
баспа материалдарын
орналастыратын орындарды
және сайлаушылармен кездесу
өткізу үшін үй-жайларды
белгілеу туралы»

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 28 бабының 4 және 6 тармағына сәйкес Төлеби  ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Төлеби аудандық сайлау комиссиясымен бірлесе отырып (келісімі бойынша), сайлау өткізу кезеңінде кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындардың тізбесі №1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2. Сайлау өткізу кезеңінде кандидаттардың сайлаушылармен кездесу өткізу үшін шарттық негізде үй-жайлар тізімі №2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.

3. Төлеби ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 17 наурыздағы  №151  «Сайлау өткізу кезеңінде кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындарды және сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жайларды белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде   №3083 тіркелген, 2015 жылдың 20 наурызда «Төлеби туы» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

4. «Төлеби ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Төлеби ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулы Төлеби ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі апаратының басшысы  Е.Қадырбековке  жүктелсін.

6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

Аудан әкімі                                                                          Б.Омарбеков

КЕЛІСІЛДІ:

Төлеби аудандық сайлау

комиссияның төрағасы                                                 О.Суттибаев

«____»  __________2019 жыл

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде  08.05.2019 жылы  №5040 тіркелген  

Төлеби  ауданы
әкімдігінің 2019 жылғы
«____» ____________
№____  қаулысына № 1 қосымша 

Сайлау өткізу кезеңінде кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындардың тізімі

Ленгір қаласы

«Төлеби аудандық қазынашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – ММ) аумағы (Ленгір қаласы, Төлеби көшесі).

Бірінші Мамыр ауылдық округі

«Бірінші Мамыр ауылдық мәдениет үйі» аумағы (Бірінші Мамыр ауылы, Д.Үмбеталиев көшесі).

Алатау ауылдық  округі

«Күншуақ»  балабақшасы  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының аумағы (Алатау ауылы, Б. Момышұлы көшесі).

Аққұм ауылдық округі

Момынай ауылы, Ақтас көшесі бойындағы алаңша.

Қоғалы ауылдық округі

Диханкөл ауылдық клубының аумағы (Диханкөл ауылы, Бәйтерек көшесі).

Қаратөбе ауылдық округі

Қаратөбе ауылдық клубының аумағы (Қаратөбе ауылы, С. Абдулла көшесі). 

Жоғарғы Ақсу ауылдық округі

«Мәдени орта мектебі» ММ аумағы (Мәдени ауылы, Бәйшешек көшесі).

Кемеқалған ауылдық округі

«Төлеби аудандық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық  кәсіпорнының «Абай ауылдық дәрігерлік амбулаториясының» аумағы (Абай ауылы, Кемеқалған көшесі).

Көксәйек ауылдық округі

«М.Х.Дулати атындағы жалпы орта мектебі» ММ аумағы (Көксәйек ауылы, Төлеби көшесі).

Зертас ауылдық округі

«Аяулым» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының  аумағы (Зертас ауылы, Еламан – Сауран көшесі).

Тасарық ауылдық округі

«Жеңіс» саябағының аумағы  (Тасарық ауылы, М. Әуезов көшесі).

Қасқасу ауылдық округі

«Арай»  балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының   аумағы (Қасқасу ауылы, Қуандық көшесі).

Киелітас ауылдық округі

«Рауан»  балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының   аумағы (Достық ауылы, Астана көшесі).

Төлеби  ауданы
әкімдігінің 2019 жылғы
«____» ____________
№____ қаулысына №2 қосымша 

Сайлау өткізу кезеңінде кандидаттардың сайлаушылармен кездесу өткізу үшін шарттық негізде үй – жайлар тізімі

1. «Аудандық мәдениет үйі» коммуналдық қазыналық кәсіпорыны (Ленгір қаласы, Төлеби көшесі).

2. «Аудандық мәдениет үйі» коммуналдық қазыналық кәсіпорнының «Қасқасу ауылдық мәдениет үйі» (Қасқасу ауылы, Қуандық көшесі).

3. «Аудандық мәдениет үйі» коммуналдық қазыналық кәсіпорнының «Жеңіс мәдениет үйі» (Көксәйек ауылы, Төлеби көшесі).

4. «Аудандық мәдениет үйі» коммуналдық қазыналық кәсіпорнының «Бірінші Мамыр ауылдық мәдениет үйі» (Бірінші Мамыр ауылы, Д.Үмбеталиев көшесі).