ШАРУА НЕМЕСЕ (ФЕРМЕР) ҚОЖАЛЫҚТАРЫ БАСШЫЛАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА !!!

       Төлеби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы  2019 жылға  920.00 кезекті салық есептілігін тапсырмаған шаруа немесе фермер қожалықтары басшыларына салық есептілігін тапсыру керектігін ескертеді.

       Шаруа қожалығын жүргізу үшін алған жер телімдерін Төлеби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына тіркемей, жұмыс атқарып жатқан барлық шаруа қожалық басшылары Мемлекеттік кірістер басқармасына келіп тіркеуге тұруға міндетті.                                       

        Салық кезеңінің 1 – қаңтарынан 1 – қазанына дейін есептелген соманы төлеу ағымдағы салық кезеңінің 10 қарашасынан кешіктірмей;

       Салық кезеңінің 1 — қазанынан 31 желтоқсанға дейін есептелген соманы төлеу есептi салық кезеңiнен кейiнгiсалық кезеңінің 10 сәуірінен кешiктiрілмей жүргiзiледi.                   

       Бiрыңғай жер салығын төлеушiлерге арналған декларация жер учаскесiнiң орналасқан жері бойынша салық органына есептi салық кезеңiнен кейiнгi салық кезеңінің 31 наурызынан кешіктірілмей табыс етіледі.

       Туындаған мәселелер бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына, «Ақпаратты қабылдау және өңдеу орталығы» бөлімінің 6-12-62 телефоны арқылы хабарласуға болады.

Төлеби ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасының
жетекші маманы Н.Балкибекова