«СЫРЛЫ ЖЕҢГЕ, СҰЛУ ҚЫЗ» БАЙҚАУЫ

«СЫРЛЫ ЖЕҢГЕ, СҰЛУ ҚЫЗ» БАЙҚАУЫ

«СЫРЛЫ ЖЕҢГЕ, СҰЛУ ҚЫЗ» БАЙҚАУЫ 5472 3648 azizyeszhanov_ydg3sjjr

Бүгін аудандық мәдениет үйінде «Сырлы жеңге, Сұлу қыз» атты аудандық жеңге мен қайын сіңлі байқауы өтті.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауындағы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағдарламасын, «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласын қолдау, 2019 жылдың «Жастар жылы» деп жариялануына орай, қазақ келіндері мен қазақ қыздарына тән ежелден келе жатқан әдептілік, инабаттылық, жастарға үлгі өнеге ету, ел арасында үлгі боларлық ақылды да ибалы, өнерлі де ізетті келіндер мен қыздарды елге таныстыру, озық іс-әрекеттерін кеңінен насихаттау мақсатындағы байқауда Төлеби ауданының ауылдық округтерінен келген 10 қатысушы төрт кезең бойынша бақтарын сынады.
Өзін-өзі таныстыру, сұрақтарға жауап беру, қазақтың салт-дәстүрлерінен сахналық көрініс көрсету кезеңдері бойынша бас жүлдені Төлебаева Ақерке (жеңге) Мансұр Гүлсая (қайын сіңлісі) жеңіп алды. Ал, 1 орынды Таңсықбаева Айнур (жеңге) Мейрам Аружан (қайын сіңлісі), 2 орынды Утебекова Жадыра (жеңге) Мыңбай Сабира (қайын сіңлісі), 3 орын Татыбаева Асмира (жеңге) Қансейіт Ақтолқын (қайын сіңлісі) иеленді.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Leave a Reply