ТӨЛЕБИ АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНДЕ «АҚБОТА — 2019!» АТТЫ АУДАНДЫҚ ӘН – БИ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

ТӨЛЕБИ АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНДЕ «АҚБОТА — 2019!» АТТЫ АУДАНДЫҚ ӘН – БИ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

ТӨЛЕБИ АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНДЕ «АҚБОТА — 2019!» АТТЫ АУДАНДЫҚ ӘН – БИ БАЙҚАУЫ ӨТТІ 1944 1296 azizyeszhanov_ydg3sjjr

«Өнерлі өрге жүзеді» – деген қазақ халқы. Өнер – таусылмас байлық, қазына. Ал оны бойыңа дарытып, сақтай білу — үлкен әрі жауапкершілігі мол іс. Кез-келген өнер түрі арқылы халықтың мәдениетін арттырып, гүлденуіне үлес қосасың.
Шынында, «Өнер ұлы болмай, ұлт ұлы болмайды». Бұл – Ғ.Мүсіреповтен қалған қанатты сөз. Елдің елдігін танытатын үлкен саланың бірі – өнер мен мәдениет. Бүгінде Төлеби ауданының өнері мен мәдениеті нағыз кемел, толысқан шағында тұр.
Төлеби аудандық мәдениет үйінде Төлеби ауданы әкімдігінің қолдауымен, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен балалардың шығармашылығын дамыту, халқымыздың асыл мұраларын насихаттау, білімді де өнерлі, салауатты өмір салтын ұстаған ұрпақ тәрбиелеу мақсатында «Ақбота — 2019» атты аудандық балалар арасындағы ән – би байқауы өткізілді.
Шараға Төлеби ауданының әкімі Омарбеков Бауыржан Бақытұлы арнайы қатысып, 25 жылдың ішінде байқаудың қандай дәрежеде өткізіліп жатқаны және оған қатысқан үміткерлердің қазіргі таңда қазақ эстрадасында елдің ыстық ықыласына бөленіп жүргендігі жайында тілге тиек етсе, күні кеше өткен Республикалық «Бала дауысы» ән байқауында Түркістан облысының намысын қорғаған Төлеби ауданы, Аққұм ауылдық округі, Қ.Тыныбеков атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Шалқарбай Мейрамбек «БАС ЖҮЛДЕНІ» қанжығасына байлаған сәтін ерекше атап өтті. Сонымен қатар, биылғы жылғы қатысып жатқан өнерпаздарға сәттілік тілеп, алдағы уақытта өнердің биік шыңдарынан көріне беруіне тілек білдірді.
«Ақбота — 2019» байқауына алдын – ала іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен 20 эстрада әншісі мен 6 би ұжымы ақтық сынға жолдама алып, қазылар алқасының ұйғарымымен төмендегідей шешім шығарылды:
ӘН ЖАНРЫ:
БАС ЖҮЛДЕ – Халық Ғаламат (№1 мектеп — гимназиясы)
І – ОРЫН – Шартақбаев Ерназар (Ленгір қалалық саз мектебі)
ІІ – ОРЫН – Сәрсенбай Айғаным (Алатау жалпы орта мектебі)
ІІ – ОРЫН – Омархан Арай (№7 жалпы орта мектебі)
ІІ – ОРЫН – Өзтемір Құрал (Бірінші Мамыр ауылдық мәдениет үйі)
ІІІ – ОРЫН – Рахматулла Еркеназ (Әңгірата жалпы орта мектебі)
ІІІ – ОРЫН – Қыдырәлі Айкенже (М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебі)
ІІІ – ОРЫН – Қойтаева Эльвира (№5 көпсалалы мектеп — гимназиясы)


БИ ЖАНРЫ:
БАС ЖҮЛДЕ – «Айлин» би тобы (Ұйымшыл жалпы орта мектебі)
І – ОРЫН – «Айгөлек» би тобы (Төлеби жалпы орта мектебі)
ІІ – ОРЫН – «Інжу» би тобы (Қазығұрт жалпы орта мектебі)
ІІІ – ОРЫН – «Нұр — шашу» би тобы (№4 Қ.Сәтбаев атындағы жалпы орта мектебі)

АРНАЙЫ СЫЙЛЫҚТАР:
«Аудан әкімінің арнайы сыйлығы» — Бейсен Мұқтархан (Оңтүстік ауылдық клубы)
«Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің арнайы сыйлығы» — Мухибаев Бақберген (№3 П.Тәжібаева атындағы жалпы орта мектебі)
«Асылхан Қалтаев атындағы арнайы сыйлығы» — Бектібай Әліби (№8 шағын жинақты мектебі)
«Бекзада Акимова атындағы арнайы сыйлығы» — Ақтай Дана (Момынай жалпы орта мектебі)
«Әлиы Ақкөзова атындағы арнайы сыйлығы» — Тұрсын Қарлығаш (Төлеби жалпы орта мектебі)

НОМИНАЦИЯЛАР:
«Айналайын» номинациясы – Ақынбекова Жадыра (№6 жалпы орта мектебі)
«Дауысыңнан айналайын» номинациясы – Бескен Балауса (Қостөбе жалпы орта мектебі)
«Үкілі үміт» номинациясы – Бекәділ Жанберен (№4 Қ.Сәтбаев атындағы жалпы орта мектебі)
«Әнші болғым келеді» номинациясы – Ділдәбекова Айсұлу (№16 Ш.Уалиханов атындағы жалпы орта мектебі)
«Жарық жұлдыз» номинациясы – Тыныштық Үміт (Бейнеткеш ауылдық клуб)
«Балауса» номинациясы – «Інжу — маржан» би тобы (Сарқырама ауылдық мәдениет үйі)
«Өнерлі бала» номинациясы – Жарылқасын Нұртілек (Қаратөбе ауылдық клуб)
«Балдәурен» номинациясы – Ақынбекова Жадыра (№6 жалпы орта мектебі)
«Көрермендер көзайымы» номинациясы – Тұрсынбек Жеңісхан (Жеңіс ауылдық мәдениет үйі)

Leave a Reply