ТӨЛЕБИ АУДАНДЫҚ СОТЫНДА ФРОНТ-ОФИС АШЫЛДЫ

ТӨЛЕБИ АУДАНДЫҚ СОТЫНДА ФРОНТ-ОФИС АШЫЛДЫ

ТӨЛЕБИ АУДАНДЫҚ СОТЫНДА ФРОНТ-ОФИС АШЫЛДЫ 1944 1296 azizyeszhanov_ydg3sjjr

Бүгін Төлеби аудандық сотында фронт-офис ашылды. Офистің ашылу рәсіміне аудан әкімі Бауыржан Омарбеков, аудандық мәслихаттың хатшысы Нұрлан Қойбағаров, аудан прокуроры Даулет Тлемисов, аудандық Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Төлеби ауданы бойынша бөлімінің басшысы Айдар Шагирбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әтірхан Шыңғысбаев, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар, заң кеңесінің адвокаттары мен БАҚ өкілдері қатысты. Аудандық соттың төрағасы Сейтжаппаров Жәнібек кеңсенің жұмысымен таныстырып, мұндай офистер Республикалық деңгейде қолға алынғандығын, қазіргі таңда барлық аудандарда қызмет көрсетіп жатқандығын айтып өтті.
Фронт-офистің салтанатты ашылу рәсімінде сөз алған аудан әкімі Б.Омарбеков: «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ұлықтау рәсімінде елімізді дамыту бойынша он бағытты таңдап, айқындады. Сол он бағыттың бірі сот және құқық қорғау жүйелерін реформалау. Осы мақсатта Төлеби ауданында сот жүйесіндегі жұмыстардың ашықтығын, сот жұмысының жаңа форматының халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің қолжетімділігі мен сот ашықтығы деңгейін арттыруға бағытталған Фронт-офисі ашылып отыр. Төлеби бабамыз айтқандай «Әділ бидің елін дау араламайды, Әділ патшаның елін жау жағаламайды» дей келе Төлеби аудандық сотында ашылған Фронт-офисінің жұмысына сәттілік тілеймін»,-деп сөзін аяқтады.
Фронт-офис халыққа қызмет көрсетудің заманауи стандарттары бойынша атқару техникасымен жабдықталған. Мұнда өзінің сұрағы бойынша келген азаматтарға арналған анықтама бұрышы, медиаторлар мен адвокаттардың кабинеті, азаматтардың құжаттарын қабылдау бөлмесі, сот бөлмесі бар. Бөлмелерде жұмыс істеуге барлық мүмкіндіктер жасалған.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Leave a Reply