ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ 2048 1365 azizyeszhanov_ydg3sjjr

Бүгін Төлеби ауданындық Халыққа қызмет көрсету орталығында «Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы өтті.

Халықтың құқықтық сауаттылығы мен мәдениетін көтеру мақсатында ұйымдастырылған шарада мемлекеттік органдардың, «Nur Otan» партиясының, аудандық ауылшаруашылығы бөлімнің, сәулет, қала құрылысы, жер қатынастары бөлімінің, мемлекеттік кірістер, көші-қон, әділет басқармасы, кәсіпкерлік, жұмыспен қамту бөлімдерінің өкілдері тұрғындардың түйіткілді мәселелерін шешу үшін тегін кеңес берді.

Акцияға келген тұрғындар жер телімдерін тіркеу, тұрғын үй мәселесі, кәсіпкерлікпен айналысу, әлеуметтік сала, еңбек, құқық қорғау бағыттары бойынша, ауылшаруашылығы саласы және өзге де мәселелер бойынша өздерін мазалаған сауалдарына нақты жауаптар алды.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Leave a Reply