ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУГЕ АРНАЛҒАН «ХАЛЫҚТЫҚ КЕҢСЕ» АШЫЛДЫ

ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУГЕ АРНАЛҒАН «ХАЛЫҚТЫҚ КЕҢСЕ» АШЫЛДЫ

ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУГЕ АРНАЛҒАН «ХАЛЫҚТЫҚ КЕҢСЕ» АШЫЛДЫ 2048 1365 azizyeszhanov_ydg3sjjr

Ауданынымызда тұңғыш рет мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған халықтық кеңсе ашылды. Аудан әкімдігі жанынан ашылған орталық аудан әкімдігінің бірінші қабатында орналасқан. Мұнда мемлекеттік қызметтерді бір жерден «бір терезе» жүйесі арқылы алуға мүмкіндік бар.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асырудың 4 бағытын айқындап берген болатын. Сол бағыттардың үшіншісі — мемлекеттік органдар жұмысының сапасын арттыру болып табылады. Осы мақсатта 2019 жылдың 25 қыркүйегінде Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен облыс әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия мәжілісінің қорытындысымен Азаматтарға сапалы мемлекеттік қызмет көрсету мақсатында, барлық қала, аудандарда «Халықтық кеңсенің» ашылуын қамтамасыз ету тапсырылған болатын.

Бүгінгі мекеме аталған тапсырманы жүзеге асыру мақсатында есігін айқара ашып отыр. Автоматтандырылған жүйемен жұмыс істейтін кеңседе азаматтар бұрынғыдай көп уақыт жоғалтпайды. Ең бастысы қызмет түрлері жоғары сапада көрсетілетін болады. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық қаупін азайтуға, қызметтің айқын, қол жетімді жолмен жүргізілуіне мүмкіндік береді.

Аудандағы халықтық кеңсе арқылы тұрғын-үй қатынастары, ауыл шаруашылығы, сәулет және қала құрылысы салалары бойынша қызмет көрсетіледі. Жауапты мамандар әр сала бойынша келушілердің сұрағына жауап беріп, өтініштерін қабылдайды. Бұл залда халықтың өзіне өзі қызмет көрсету бұрышы да жұмыс жасайды.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Leave a Reply