ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНЕ ОРАЙ ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНЕ ОРАЙ ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНЕ ОРАЙ ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ 1944 1296 azizyeszhanov_ydg3sjjr

1 желтоқсан — Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай Төлеби ауданы Қасқасу ауылдық округінде жеке кәсіпкер, педагогика ғылымдарының докторы Момбек Қозыбақовтың демеушілігімен салынған спорт кешенінің ашылу рәсімі өтті.
Спорттық-сауықтыру орталығының лентасын Мемлекет және қоғам қайраткері, бокстан КСРО спорт шебері, Қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтырушы Тшанов Амалбек пен аудан әкімі Бауыржан Омарбеков қиды.

Жаңадан бой көтерген Жамалбек Қозыбақов атындағы зәулім спорт кешенінде тұрғындар бокс, еркін күрес, грек-рим, футбол, шахмат және дойбы сынды спорт түрлерінен шұғылдана алады. Құрылысы 2018 жылы басталған спорттық нысанның құны 150 млн теңгені құрайды. Бір уақытта 100 адамның жаттығуына болатын кешенде барлық жағдай жасалған.

«Тұңғыш Президент күніне тарту етіліп отырған осы әлеуметтік маңызы бар нысан бұқаралық спорттың дамуына өз үлесін қосып, талай дарынды шәкірттер мен дарабоз тарландар түлеп ұшып, егеменді еліміздің көк байрағын жеңіс тұғырына көтеріп, желбіретеді деп сенемін» — деді өз құттықтау сөзінде аудан әкімі Б.Омарбеков.

Ел игілігі үшін салынған заманауи үлгідегі спорт кешенінің кілті аудандық спорт мектебіне салтанатты түрде табыс етілді. Енді аудандық спорт мектебінің теңгеріміне өтетін спорт нысанында жастарымыз үздік жаттықтырушылардан тәлім-тәрбие ала алады.

Айта кетейік, бүгінде Төлеби ауданында спортпен тұрақты шұғылданушылардың саны 35 500 адамға жетіп, жалпы халықтың 30 пайызын құраған. Аудан тұрғындарының спортпен тұрақты түрде шұғылдануына ықпал жасау және ұлтаралық қатынастарды нығайту мақсатында қазірдің өзінде 371 спорттық нысан жұмыс істейді.

Соның ішінде: 1-«Жастық» стадионы, 1-тау шаңғы базасы, 2-жүзу бассейні, 3-спорт кешені, 1-«Бәйшешек» оқу жаттығу орталығы, 55-спорт залдар, 1-мектептік ашық спорттық комплекс, 8-мылтық ату тирлері, 5-спорттық манеж, 282 — жазықтық алаңшалар, 13-бейімделген спорт залдар бар.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Leave a Reply