Төлеби ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы

9 қараша  2018 жыл№ 08

Төлеби ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының       23 бабының 1-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабының                  2-тармағына сәйкес Төлеби ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Төлеби ауданы аумағында сайлауды ұйымдастыру және өткізу үшін сайлау учаскелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес құрылсын.

2. Төлеби ауданы әкімінің 2015 жылғы 31желтоқсандағы №14 «Төлеби  ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3547 тіркелген, 2016 жылдың 25қаңтарда «Ленгер жаршысы» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

3. «Төлеби ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Төлеби ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Төлеби ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Е.Қадырбековке жүктелсін.

5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі                                                                         Б.Омарбеков

«КЕЛІСІЛДІ»

Төлеби аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы
______________О.Суттибаев
«06» қараша 2018 жыл