«ТӨЛЕБИ АУДАНЫНЫҢ ОЙЫНДАРЫ»

«ТӨЛЕБИ АУДАНЫНЫҢ ОЙЫНДАРЫ»

«ТӨЛЕБИ АУДАНЫНЫҢ ОЙЫНДАРЫ» 1280 768 azizyeszhanov_ydg3sjjr

14 сәуір күні Ленгір қаласының орталық «Жастық» стадионында Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында «Төлеби ауданының ойындарының» ашылу салтанаты өтті. «Жастар жылына» орай өткізіліп отырған іс-шарада, жасөспірімдер және ересектер арасында кіші футболдан, сонымен қатар тоғызқұмалақ пен бес асық (шекемтас) ойынынан сайыстар болды. Жарыстың ашылу салтанатында Төлеби аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы М.Құрбаналиев, аудандық маслихаттың депутаты Н.Құлышев, аудандық мәслихаттың депутаты Х.Әшірбаев, Киелітас ауылдық округінің әкімі П.Төребеков арнайы қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі. «Төлеби ауданының ойындарына» Төлеби ауданының ауылдық округтерінен 13 команда қатысты.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Leave a Reply