ТӨЛЕБИ АУДАНЫНЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДА ТУРИСТІК САЙТТЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІ

ТӨЛЕБИ АУДАНЫНЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДА ТУРИСТІК САЙТТЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІ

ТӨЛЕБИ АУДАНЫНЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДА ТУРИСТІК САЙТТЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІ 2048 1365 azizyeszhanov_ydg3sjjr

Бүгін ауданда отандық туризм саласын жан-жақты дамытуға, туристерді қызықтырып жүрген табиғи құндылықтарымызды дәріптеп, сұлу да көркем, көз тартар асқақ тауларымызды, киелі мекендерімізді шетелдіктерге көрсету мақсатында tolebitour.kz туристік сайтының таныстырылымы болды.

Жиынға Төлеби ауданы әкімінің орынбасары Қ.Мылтықбеков, Түркістан облысының туризм басқармасының «Turkistan Tourism Center» туристік ақпараттық орталығы коммуналдық мекемесінің басшысы А.Исмайл және Индустрия және туризм ассоциациясының президенті Г.Ақбердиева қатысты.

Сайтты «UX group» ЖШС-нің директоры А.Есжанов жан-жақты таныстырып, құрылымын көрсетті. Презентация барысында сұрақтар мен ұсыныстар айтылып, саланың әлеуетін арттыру жолдары талқыланды. Аталмыш ақпараттық порталдан Төлеби ауданындағы туристтік нысандар туралы толық ақпарат алуға болады. Қазіргі таңда шетелдік туристерге ғана емес, еліміздің тұрғындарына да пайдалы болатын жаңа интернет ресурсы өз жұмысын бастап кетті.

Сайтты ашудың басты мақсаты аймақтың туристік тартымдылығын арттыру, туристерді қызықтыратын нысандарды табуға көмектесу болып табылады.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі


Leave a Reply