ТӨЛЕБИ: «ТУҒАН ЖЕР» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА

ТӨЛЕБИ: «ТУҒАН ЖЕР» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА

ТӨЛЕБИ: «ТУҒАН ЖЕР» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1280 720 azizyeszhanov_ydg3sjjr

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы «Туған жер» жобасы аясында Төлеби ауданында жеке азаматтардың демеуші болуымен атқарылып жатқан шаруалар аз емес.
Сондай игі істердің бірі Кемеқалған ауылдық округінде іске асып жатыр. Округке қарасты Қаратөбе елді мекенінің тумалары Князов Мақсат Жуманұлының бастамасымен, Көшербаев Орынбасар Оңғарұлының демеушілігімен спорт алаңшаларының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 
Ауыл тұрғындарын спортқа баулу бағытында, жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалану үшін, балалар ойын алаңшасын, кіші футбол алаңы мен «Street Workout» спорт алаңшалары салынуда. Жаттығу орындары ағымдағы жылдың қыркүйек айына дейін толық бітіп, пайдалануға беріледі. Енді ауыл халқын бұқаралық спортқа тартудың мүмкіндігі молаймақ.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Leave a Reply