ТӨЛЕБИЛІКТЕР ДАУЫС БЕРУГЕ БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСУДА

ТӨЛЕБИЛІКТЕР ДАУЫС БЕРУГЕ БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСУДА

ТӨЛЕБИЛІКТЕР ДАУЫС БЕРУГЕ БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСУДА 1152 864 azizyeszhanov_ydg3sjjr

Төлеби ауданындағы сайлау учаскелері таңғы сағат 07:00-де өздерінің жұмысын бастап кетті. Әрбір сайлау учаскелерінде заң талаптары мен республикалық орталық сайлау коммиссиясы бекіткен ережеге сай сайлаушыларға барлық жағдай жасалған.
Ертемен келген сайлаушылардың ішінде қариялардан бастап 18-ге енді толған, алғаш рет сайлау науқанына қатысып отырған жастар да жетерлік. Сондай ең жас сайлаушылардың қатарында Елікбай Ұлбала да бар. ОлКөксәйек ауылдық округінде орналасқан №771 сайлау учаскесінде дауыс берді. 
— Бүгiн мен үшiн қуанышты күн. Мен осынау тәуелсiз, аспаны ашық мемлекеттiң жас азаматы ретiнде бүгiн өзiмнiң дұрыс таңдауымды жасап, еліміздің ертеңгi тағдыры үшiн дауыс бердiм, – дедi, жас сайлаушы Елікбай Ұлбала.
Жұрттың көңіл-күйі жақсы. Бәрі өз келешегінің жарқын болатынына сенім білдіріп, өз қалаулары бойынша дауыс беріп жатыр. 
Ауданымызда сайлау учаскелерінің ұйымдастыруымен белсенділік танытып бірінші болып дауыс берген сайлаушыларға және ең қарт, алғаш рет дауыс беріп отырған азаматтарға түрлі сый-сияпаттар жасалып, арнайы құрмет көрсетілуде. 
Жалпы қазіргі таңда Төлеби ауданында 67 сайлау учаскесі тоқтаусыз жұмыс істеп тұр. Аталған сайлау учаскелерінде төлебилік сайлаушылар өз таңдауын жасап, кешкі 20:00-ге дейін дауыс бере алады.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Leave a Reply