ТӨЛЕБИЛІКТЕР ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА СЕНБІЛІК ЖАСАДЫ

ТӨЛЕБИЛІКТЕР ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА СЕНБІЛІК ЖАСАДЫ

ТӨЛЕБИЛІКТЕР ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА СЕНБІЛІК ЖАСАДЫ 1152 560 azizyeszhanov_ydg3sjjr

Бүгін Түркістан қаласының 8-ші секторына жауапты Түркістан облыстық жолаушылар көлігі және автобомиль жолдары басқармасы, Төлеби ауданы әкімдігі, Түркістан қаласы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бірлесіп сенбілік өткізді.

Төлеби ауданы әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаев бастап барған 80-ге жуық төлебиліктер мен жолаушылар көлігі және автобомиль жолдары мекемелерінің қызметкерлері 8-ші секторға қарасты «Қызылорда» бағыты жолының бойындағы арық-атыздарды тазалап, ретсіз өскен шөптерді шапты. Сондай-ақ, белгіленіп берілген аумақты күл-қоқыстан тазартты.

Тазалық іс-шарасына 7 техника тартылып, жалпы саны 9 камаз қоқыс шығарылған.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Leave a Reply