Жаңалықтар

ТӨЛЕБИДЕ ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА 2048 1365 azizyeszhanov_ydg3sjjr

ТӨЛЕБИДЕ ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Бүгінде аудан аумағында коронавирусқа  қарсы күрес шаралары үзіліссіз жүргізіліп жатыр. Өткен аптада ауданның жоспарлы кестесіне сәйкес Ленгір қаласындағы Ленгір-Достық жолы, Қапал батыр, Әйтеке би, Қазыбек би, Д. Қонаев, көшелері дезинфекцияланды. Сонымен қатар аудан аумағындағы ауылдық округтерде де қауіпті дерттің алдын алу шаралары жүргізілуде. Залалсыздандыру жұмыстарына арнайы жасақталған еріктілер топтары, төтенше жағдай бөлімі мамандары мен өрт…

Толығырақ оқу
Құрметті жерлестер, аудан тұрғындары! 1440 960 azizyeszhanov_ydg3sjjr

Құрметті жерлестер, аудан тұрғындары!

Түркістан облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің 03.04.2020 жылғы №10 қаулысына сәйкес мәлімдеймін: Төлеби ауданында Автовокзалдар мен автостанциялардың қызметі тоқтатылды. Қозғалыстың интервалын ұлғайтумен және линиядағы қозғалыс құрамын азайта отырып, дезинфекция режимін күшейтіп қалалық қоғамдық көліктің қозғалысы шектеледі. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшыларына, сондай-ақ меншік нысанына қарамастан, заңды тұлғаларға, жеке кәсіпкерлер мен…

Толығырақ оқу
САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ БАҚЫЛАУДА 2048 1365 azizyeszhanov_ydg3sjjr

САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ БАҚЫЛАУДА

Әр айдың басында қаладағы «Халық банк» пен «Қазпочта» бөлімшелеріне зейнетақы, жалақы, жәрдемақы алу үшін келетін тұрғындар саны артатыны белгілі. Сондықтан сақтық шараларын қадағалау мақсатында аталған мекемелердің алдында арнайы орындар белгіленіп, кезекте тұрғандар арасындағы 2 метр ара қашықтық қатаң сақталуда. Бөлімшелерде қызметті алушылар тепловизормен тексеріледі және қолдары арнайы антисептикпен зарарсыздандырылады. Маскалық режим бақылауға алынған. Бетпердесі жоқ…

Толығырақ оқу
ЖАҢАДАН САЛЫНҒАН ГҮЛЗАРҒА МАУСЫМДЫҚ ГҮЛДЕР ЕГІЛДІ 2048 1365 azizyeszhanov_ydg3sjjr

ЖАҢАДАН САЛЫНҒАН ГҮЛЗАРҒА МАУСЫМДЫҚ ГҮЛДЕР ЕГІЛДІ

Көктем мезгілі келгелі қаламызда абаттандыру жұмыстары басталып кетті. Ленгір қаласы Төлеби көшесі бойындағы жаңадан салынған гүлзарға 4050 түп маусымдық гүлдер егілді. Атап айтқанда, Шафран гүлі 1750 дана, Сальвия гүлі 1000 дана, Бархат гүлі 800 дана, Цинния гүлі 500 дана егілді. Осы аптада тағы 4000 дана маусымдық гүлдер әкелінеді. 2020 жылы маусымдық гүлдерді 3 кезеңге бөліп…

Толығырақ оқу
29 КӘСІПКЕРГЕ ӘКІМШІЛІК ХАТТАМА ТОЛТЫРЫЛДЫ 720 732 azizyeszhanov_ydg3sjjr

29 КӘСІПКЕРГЕ ӘКІМШІЛІК ХАТТАМА ТОЛТЫРЫЛДЫ

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Қ.Мылтықбеков пен Төлеби аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы мамандары әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар бағасының негізсіз өспеуiн қадағалау және санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтылығын сақтау мақсатында Ленгір қаласындағы дүкендер мен тамақтану орындарына барып, тексеру жұмыстарын жүргізді. Рейд барысында санитариялық-дезинфекциялық режим сақталмағаны үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы…

Толығырақ оқу
ЛЕНГІР ҚАЛАСЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ КӨШЕСІ ТОЛЫҚ ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАНДЫ 2048 1365 azizyeszhanov_ydg3sjjr

ЛЕНГІР ҚАЛАСЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ КӨШЕСІ ТОЛЫҚ ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАНДЫ

Қазіргі таңда еліміздің барлық аймақтарында коронавирус пандемиясымен күрес шаралары күшейтілді. Аталған індеттің тарауына тосқауыл қою мақсатында бүгін Төлеби ауданы, Ленгір қаласының орталық Төлеби көшесі толық дезинфекцияланды. Ал, қалған үлкен көшелер мен ауылдық округтерде белгіленген кестеге сәйкес жүргізілетін болады. Залалсыздандыру жасағы төтенше жағдай бөлімі мамандары мен мектептердің алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдерінен құрылып, 40 ранцты аппаратпен…

Толығырақ оқу
АУДАН КӨЛЕМІНДЕГІ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ 960 720 azizyeszhanov_ydg3sjjr

АУДАН КӨЛЕМІНДЕГІ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ

Қауіпті дерттің алдын алу және тұрғындарды ақпараттандыру мақсатында Ленгір қаласында және аудандағы барлық ауылдық округтерде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр. Шара барысында тұрғындарға оқшаулану шараларын толық сақтау керектігі ескертілді. Сонымен қатар, аудандағы қойылған блок-посттар мен бекеттерде көлік бағыттарын және басқа қаладан келген азаматтарды полиция тарапынан тіркеу жұмыстары жасалып, жағдай жiтi бақылауға алынған. Төлеби ауданы әкімінің баспасөз…

Толығырақ оқу
Құрметті жерлестер, аудан тұрғындары! 1280 853 azizyeszhanov_ydg3sjjr

Құрметті жерлестер, аудан тұрғындары!

Өздеріңізге белгілі кеше Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елдегі төтенше жағдайға және экономика мен әлеуметтік саладағы шараларға қатысты мәселелер бойынша мәлімдемелер жасап, пандемияға қарсы күрестің алдында бірнеше шешім қабылдады. Біздің ауданда да айтылған мәлімдемеге сәйкес біршама жұмыстар атқарылуда. Атап өтетін болсам табысынан айырылған азаматтарға ең төменгі жалақы мөлшерінде төлеу бойынша, яғни 42 500 мың теңге төлеуге…

Толығырақ оқу
БIР ЖЕРДЕН ЕКІ ӨНІМ АЛУ 1280 960 azizyeszhanov_ydg3sjjr

БIР ЖЕРДЕН ЕКІ ӨНІМ АЛУ

Қазіргі таңда облысымызда жылына екі рет өнім алу басым бағытқа айналып жатыр. Басты мақсат — өнімділікті арттыру болып табылады. Осыған орай, ауданымыздағы Бірінші Мамыр ауылдық округіндегі «Баймырза» және «Набижан» шаруа қожалықтары әрқайсысы 1 га егістікке қияр егіп, оны күтіп-баптауда. Диқандар қияр өнімін жинағаннан кейін орнына қызанақ, картоп дақылдарын егеді. Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Толығырақ оқу