ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ 2048 1161 azizyeszhanov_ydg3sjjr

Бүгін 1 шілде күні Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Жеке қабылдауға келген азаматтардың 5-і тұрғын үй кезегіне қатысты сұрақтарын қойса, 1 тұрғын көшет егу кәсібін ұлғайту мәселесін көтерді. 
Аудан әкімі Б.Омарбеков үй мәселесін айтып келген азаматтарға тұрғын үй қатынастары туралы заңының шеңберінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, ағаш егумен айналысатын кәсіпкердің көтерген ұсыныс-пікірінің заңдылығын қарауды ауылшаруашылығы саласына жауапты аудан әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаевқа тапсырды. 
Естеріңізге сала кетейік, жұмыс кестесіне сәйкес, алдын-ала жазылу бойынша, әр аптаның дүйсенбі күні сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды. Қабылдау барысында тұрғындар аудан басшысына өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, олардың шешу жолдарын бірге табуға мүмкіндік ала алады.
Алдын-ала жазылуды Төлеби ауданы әкімі аппаратының әкімшілік және құжаттандыруды қамтамасыз ету бөлімінің бас инспекторы Хайтметова Камиля Заманқызы жүргізеді. Қосымша ақпарат алу үшін 8(72547) 6-13-70 нөміріне хабарласуларыңызға болады.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Leave a Reply