«Жеке қорғану құралдарын беру пунктін өрістету»

«Жеке қорғану құралдарын беру пунктін өрістету»

«Жеке қорғану құралдарын беру пунктін өрістету» 1280 960 azizyeszhanov_ydg3sjjr

15 сәуір күні Зертас ауылдық округіне қарасты Қ.Мамытов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде «Жеке қорғану құралдарын беру пунктін өрістету» тақырыбында нысандық жаттығу өткізілді. Жаттығудың мақсаты радиоактивті зат немесе қатты әсер ететін улы заттардың шығарындысымен төтенше жағдай туындаған кезде жеке қорғану құралдарын (ЖҚҚ) беру пункттерін өрістету және ЖҚҚ-ны халыққа пайдалануға беру. 
Аталған іс-шараға ауданымыздың 12 мектебінің алғашқы әскери пәні мұғалімдері шақырылды. Сондай-ақ жаттығуды аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Б.Есіркепов, Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері А.Тогаев және аудандық білім бөлімінің әдіскері А.Мираманов бақылады. 
Мектептің азаматтық қорғаныс бастығы Қ.Қаратаев бастаған ұжым және жеке қорғану құралдарын беру пунктінің жеке құрамы қойылған тапсырманы ойдағыдай атқарып, 3 оқытушы мен 1 оқушы аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Leave a Reply